Ыстық тамақ
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің«Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан 52 оқушы ыстық тамақпен қамтылған,олардың ішінде аз қамтылған оқушы саны-30,көпбалалы оқушы саны-16, жартылай жетім оқушы саны-5,тұл жетім оқушы саны-1.Оларға «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан тамаққа әр балаға күніне 450 теңгеден төленеді. Мектепте бірінші ауысым және екінші ауысым бойынша екі мезгілде тамақ беріледі.Әр оқушыға белгіленген мөлшерде мектеп медбикесі апталық ас мәзірін жасайды.Әр күн сайын тамақ сапасының таза,дәмді болуын қадағалау мақсатында, мектеп медбикесі тамақтың сапасын тексеріп тұрады.Мектеп асханасында санитарлық гигиеналық нормалары қанағаттанарлық жағдайда сақталады.Ас блогының құрамына тағам дайындау және ыдыс жуу бөлмесі бар,тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлікке және көкөністерге арналған қоймасы бар.Тамақ өңдеу және дайындау үшін арнаулы электр жабдығы орнатылған.Тоңазытқыштарда термометрлері бар,тоңазытқыш қондырғыларына өнімдердің әр түрін сақтауға арналған орындары нақты анықталған.Құрғақ өнімдер сөрелермен,шкафтарда сақталған.Шикі және дайын өнімдерді бөлшектеу үшін бөлек бөлшектеу үстелдері,ағаштың қатты түрінен жасалған,тегістелген жарықтары мен саңылаулары жоқ пышақтар мен тақтайлары бар.Тақтайлар мен пышақтар әр түрлі өнімдерге таңбаланған.Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтар күнделікті тазартылады және 2% кальцийленген сода ерітіндісімен жуылады,содан кейін ыстық сумен шайылып кептіріледі.
Ас үй ыдыстары арнайы сөрелерде немесе шкафтарда сақталады.Бөлшектеу (тақтайлар,қалақшалар,араластырғыштар) және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен жуылады,ыстық сумен шайылады,содан соң сөрелерде кептіріледі.Балаларға жеткізілетін тағам өнімдерінде сертификаттары немесе олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары болады.Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.Күнделікті дайын өнімнің тәуліктік сынамасы қалдырылады.Тәуліктік сынаманы таңдау және сақтау медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі.Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатып өңделген) шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бөлінген жерінде +2С-тан +6С-қа дейінгі температурада сақталады.
Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып,бағаланып дайын тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейін беріледі.Медицина қызметкері әр тағам түрінің дәмдік сапасын бағалап, үлестірілетін тағамның салмағы мен көлемінің ас мәзірінде көрсетілген мөлшерге сәйкестігін көреді.Асханада екі аспазшы жұмыс істейді.Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өтіп жұмысқа рұқсат алған. Ас блогының қызметкерлерін медбике күнделікті іріңді жараға тексеріп, журналына міндетті түрде белгілеп отырады.Асхана қызметкерлерінің бөлек шкафта сақталатын арнайы киімдері бар:халат,ауыстыратын аяқ киім,орамал,бас киім,белдемше.
Ұсыныс: 1.Асхананың санитарлық гигиеналық нормаларының сақталуын бақылауға алу.

