Достық мерекесі
«Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының
достығы фестивалі 23.09.2016
Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы
еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат
беру.
1 жүргізуші:
Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға.
Сәлемдесу кіреді
Ата дәстүр салтына.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, «Достығымыз
жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде
тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген
жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені
біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын біздің ту ортақ.
1 жүргізуші:
Бір шаңырақтың астында қазақ,
орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус,
кәріс, шешен татулықта, сыйластықта өмір
сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп,
жерімізді бөлісіп отыр.
2 жүргізуші:
Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Бүгін мектебімізде «22 -қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өтіп жатқан «Тілі басқа, тілегі бір» атты онкүндіктің жалғасы ретінде ұйымдастырылған «Достығымыз жарасқан» фестивалінің кезеңдерімен таныстырайық.
1-кезең «Таныстыру»
2-кезең «Салт-дәстүр»
3-кезең «Тағам»
4-кезең «Өнер»
1 жүргізуші:
Әр сыныптарға әр ұлттың салт-дәстүрі, ұлттық киімі, тағамы, өнерін таныстыру тапсырмалары берілген болатын. Саханаға шығу реті 8 а,ә,9 а,ә, 10 а,ә сынып оқушылары
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Олай болса, 1 кезекте таныстыру кезеңіне кезек берейік.
8 а сыныбы- «Әзербайжан халқы»
8 ә сыныбы- «Сыған халқы »
9 а сыныбы- «Татар »
9ә сыныбы-«Қырғыз »
10 а сыныбы- «Орыс халқы»
10 ә сыныбы- «Өзбек халқы»
1 жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
2
жүргізуші:
Бағым да,
Барым да сен, ұлы Отаным,
Арым да,
Жаным да сен, ұлы Отаным.
Қанымда қасиетің - гүл атамын,
Мен сені ата - анамдай ұнатамын.
Отаным, оттан ыстық сен екенсің,
Анамның құшағындай кең екенсің.
Байлығым, мақтанышым, берекемсің,
Шаттығы таусылмайтын мерекемсің.
1 жүргізуші:
Келесі кезекті салт дәстүр кезеңіне кезек берейік, яғни әр ұлт өздерінің салт-дәстүрімен, әдет ғұрыптарымен таныстыру керек.
8 а сыныбы- «Әзербайжан халқы»
8 ә сыныбы- «Сыған халқы »
9 а сыныбы- «Татар »
9ә сыныбы- «Қырғыз »
10 а сыныбы- «Орыс халқы»
10 ә сыныбы- «Өзбек халқы»
2 жүргізуші:
Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!
1 жүргізуші:
Мы
живем в семье единой, дружной,
Народов всех обычаи храня,
Наш Казахстан - наш отчий дом, где если нужно
Всегда поддержат в трудный миг тебя.
Здесь вольный ветер напевает песни.
О чем поет он, не слыхали ль вы?
О нашей дружбе, о степных просторах,
О верности, о счастье, о любви.
2-жүргізуші:
О том, что завещали еще предки:
Беречь Отчизну, как ребенка мать.
И не идти ни на какие сделки,
Чтоб злобный демон смог возликовать.
Я верю в разум всех народов наших,
Кому родным стал домом Казахстан,
Что сделают его счастливей, краше,
И верность дружбе сохранят в веках.
1 жүргізуші:
Олай болса келесі кезекте әр сынып өз ұлт өкілдерінің тағамдарын таныстыру кезеңіне кезек берейік.
8 а сыныбы- «Әзербайжан халқы»
8 ә сыныбы- «Сыған халқы »
9 а сыныбы- « Татар »
9ә сыныбы-« Қырғыз »
10 а сыныбы- «Орыс халқы»
10 ә сыныбы- «Өзбек халқы»
2- жүргізуші:
Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Киелі сенің есімің
Жүреді мәңгі есімде.
Туған жер, алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан – қос анам,
Қондырған мені ұяма.
4 орыстың ұлттық биі
1- жүргізуші:
Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
2- жүргізуші:
Олай болса келесі кезекте әр ұлт өкілдерінің өнерлеріне кезек берейік.
8 а сыныбы- «Әзербайжан халқы»
8 ә сыныбы- «Сыған халқы »
9 а сыныбы- « Қырғыз »
9ә сыныбы-« Татар »
10 а сыныбы- «Орыс халқы»
10 ә сыныбы – «Өзбек»
1- жүргізуші:
Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп.
2- жүргізуші:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестивалі де де өз мәресіне келіп жетті. Қорытынды сөз директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Көпбаева Ботакөз Бейбітқызына беріледі.
1 жүргізуші:
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
ІІ жүргізуші:
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!