Қамқоршылық кеңес есебі
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
Қайрат ауылы 2018 жыл 26 қазан
Жүргізуші қамқоршылық кеңесінің төрайымы- Досыбайлы Ж.С
Хатшы-Д.Ж.Жумабекова
Қатысқандар саны:8
Қатыспағандары-белгілі себептермен 1 қатыспады
Шақырылғандар:Бүгінгі жиналыста №2Мыңбұлақ орта мектебінің директоры Н.Кожагелдин,№2Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшелері және қамқоршылық кеңесінің хатшысы қатысып отыр.
Күн тәртібі мен жұмыс регламенті бірауыздан бекітілді.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.2017-2018 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі
Баяндамашы:Досыбайлы Жанна Серікқызы-қамқоршылық кеңестің төрайымы.
2.2017-2018 оқу жылындағы білім сапасы бойынша мектеп директорының есебі
Баяндамашы:Кожагелдин Нарбек Ордабекович-№2Мыңбұлақ орта мектебінің директоры
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Досыбайлы Ж.С.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22-қазандағы №501 бұйрығының күші жойылып,2017 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №355 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» болып өзгертіліп,2017 жылдың 29 қыркүйегінен бастап күшіне енді.Бұл орган мектептегі қамқоршылық кеңесінің құрамын,оларды дамыту стратегиясын бекітеді,сондай-ақ олардың қызметіне байланысты өзге де маңызды мәселелерді қарайды.Қамқоршылық кеңесі-стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын,сенім ашықтық,еріктілік және алқалық қағидалар мен жұмыс істейтін мектептің басқарудың қоғамдық органы,жоғарыда қамқоршылық кеңесі басты басқару органы болып табылады.№2Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесі 9 мүшеден құралған.
2017-2018 оқу жылының басында мектептің қамқоршылық кеңесі «Рухани жаңғыру» кабинетін жабдықтауға өз үлестерін қосып, үлкен көмек көрсетті.Сәуір айында ата-аналардың демеушілігімен 5-7 сынып оқушыларын Тараз қаласына тарихи орындарға саяхат жасағанға апарды.
2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектері «Рухани жаңғыру»аясында «Түлектер аллеясы» саябағын ашып берді.
2018 жылдың 22 акпан күні №2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында мектеп қабырғасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,азқамтылған,көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында қамқоршы кеңесі бірауыздан,мектеп фойесіне «Мейірімділік-асыл қасиет» қайырымдылық жәшігі қойылды.Түскен қаражат кеңес мүшелерінің шешімімен жоғарыда аталған санаттағы оқушылардың мұқтаждығына жаратылады.
2017-2018 оқу жылының қамқоршылық кеңесінің шешімімен шілде айында қала сыртындағы «Берікқара» жазғы сауықтыру лагеріне азқамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 13 оқушы демалып қайтты.
2.ТЫҢДАЛДЫ:
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің директоры Н.О.Кожагелдин
Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ.Мемлекет болашағының кепілі жастарға білім мен тәрбие беру мәселесі басты назарда.Болашақта өркениетті,дамыған елдер қатарында ену үшін заман талабына сай білім қажет.
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында 375 отбасынан 449 бала оқыды.Оның ішінде 77 көпбалалы отбасынан,75 азқамтылған,3 тұл жетім,294 толық отбасынан шыққан.Осы оқушыларға 65 ұстаз білім берді.Оқу жылы ішінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланатын және білім беру нәтижелерінің қанағаттанарлық динамикасы бар педагогтардың үлесі:10 ұстаз Кембридждік деңгейлік курстардың III деңгейі бойынша,4 ұстаз II деңгейі бойынша, 2 ұстаз I деңгейі бойынша сертификатталған.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан 44 мұғалім өтіп,сертификатталды.Озат тәжірибені тарату жұмыстары мектебімізде жоспарлы өткізілуде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын жүзеге асыру мақсатында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласы аясында «Рухани байлық-болашақ кепілі!» атты оқушылар арасындағы аудандық пікір-сайыс турнирінде II орын иеленген «Руханият-1» №2 Мыңбұлақ орта мектебі марапатталды.
Аудандық волейболдан 2004-2006 жылы туылған қыздар арасында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған жарыста 2 орын дипломын иеленген №2 Мыңбұлақ ОМ марапатталды.
Шығармашылық жұмыстары бойынша мектебіміздің бірнеше ұстаздары,атап айтсақ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері С.Назарбаева және М.Рахымбаева,орыс тілі пәнінің мұғалімдері Л.Керімбаева және Д.Бейсалиева,ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.Бекешова және А.Қалиева аудандық ашық сабақтар өткізіп,Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттармен марапатталды. Педагогикадағы инновациялар-республикалық ғылыми-әдістемелік журналына авторлық материал жариялағаны үшін Ғ.Ергебек,Қ.Нұрманбетова дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ мектеп оқушылары да облыстық және аудандық байқауларда дипломдармен марапатталды.Атап айтсақ, облыстық «Жас талап» интеллектуалдық ойынында Мақұлбек Абзал жеңімпаз атанды,Әліш Айдын I халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының фестиваль-конкурсының III орын иегері,Қонысбай Еркеназ «Туған жерге –туыңды тік!» тақырыбындағы облыстық жас қаламгерлер байқауының II дәрежелі дипломның иегері, Қаржаубаева Мунира аудандық «Әбіш оқулары»байқауының II дәрежелі дипломымен марапатталды және т.б. оқушылар марапатталды.
Мектебіміз 2017 жылының қыркүйек айынан бастап электрондық Kundelik.kz сайтымен жұмыс жасап,классикалық журналмен қатар толтырып отырдық.Мектебіміз бойынша мұғалімдердің,ата-аналар және оқушылардың мәліметтері 68% енгізілді.2018 жылы қыркүйек айынан бастап толықтай электрондық форматқа көшіп,бүгінгі күнде мектептің негізгі мәліметтері,мұғалімдер,ата-аналар,оқушылар туралы мәліметтер енгізілді.
2017-2018 оқу жылында «Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан» 61 оқушы тегін ыстық тамақпен және 60 оқушы киіммен қамтамасыз етілді.Биылғы оқу жылында Жуалы аудан активтері мен аудан белсенді азаматтарының көмектерінің арқасында 5 оқушы мектеп формасымен қамтылды.Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 10 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.
ШЕШІМ
1.Қамқоршылық кеңестің төрайымы Досыбайлы Жанна Серікқызының 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
1.2.Қамқоршылық кеңеске демеушілер табу үшін үндеу хаттар жолдау іске асырылсын.Үндеу хаттарды жолдау іске асыру үшін мектептің әлеуметтік педагогтары С. Бейсенбаева және Д. Жумабековаға жүктелсін.
2. 2017-2018 оқу жылында мектептің негізгі бағыттары бойынша дамуы туралы қорытынды және 2017-2018 оқу жылындағы білім сапасы қанағаттанарлық деп табылып,2018-2019 оқу жылы да мектептің білім сапасы жоғары көрсеткіш көрсетсін.Білім сапасын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ғ.Ергебекке пен А.Тоғайбаевқа жүктелсін.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Ж.Досыбайлы
Хатшы: Д.Жумабекова