23
май
2025
"Білімім - Отаныма!" атты сынып сағаты
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде мектеп оқушылары оқу жылын 23 мамырда "Білімім - Отаныма!" атты сынып сағатымен аяқтады. Білім алушылар "Таза Қазақстан", "Заң және тәртіп", "Адал азамат" тақырыптық бағыттары бойынша жазған эсселерін оқыды. Үздік жұмыстар сынып сағатында оқылып, авторлары марапатталды. Оқушыларға еңбек етудің пайдасы, ата - анаға құрмет, көмектесудің қажеттілігі, демалыста оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі ұсынылды.






