Мыңбұлақ Рухани Жаңғыру
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Тәрбие және білім" бағдарламасының "Саналы азамат" бағыты бойынша "Туған жерімді өркендету жайлы менің ұсыныстарым" тақырыбында ауданымыздың "Құрметті азаматы" иегерлері Ергебек Әбілқасым, Дүрәлі Аманжол, Құрмашев Кәрібай ағаларымызбен кездесу ұйымдастырылды. Бұл азаматтар - ұлтжанды, өз елін, жерін сүйген азаматтар. Біздің ертеңгі болашағымыз осындай азаматтардан үлгі алары сөзсіз.