Ақпарат » Страница 5 » №2 Мыңбұлақ орта мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№2 Мыңбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7(726) 352-33-73
+7(707) 624-55-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие жұмысы
10
октябрь
2022
Тәрбие жұмысы
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Қыз-Жібек" клубының жұмыс жоспарына сәйкес Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы тақырыбында, 8 сынып қыздар арасында дөңгелек устел өткізілді. Мақсаты: қыздардың қазыргі заман талабына сай білім алуға ынталандыру,жас ұрпақтың танымдық көзқарасын кеңейту, әдет-ғұрыптарымызды, ата-баларымыздан қалған насихат,мұраларын жастардың санасына сіңіре білу, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру болды. Оқушылар қазіргі кездегі қыздар тәрбиесі, болашақ
Қауіпсіз интернет
09
апрель
2022
Қауіпсіз интернет
2022 жылы 01-08 сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны туралы қорытынды ақпарат №2 Мыңбұлақ орта мектебінде 2022 жылдың 01-08 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі бастамасымен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық компаниясы жүргізілді. Компанияның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған
Алғыс айту күні
25
февраль
2022
Алғыс айту күні
№2 Мыңбұлақ орта мектебiнде 25 ақпан күні 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Жуалы аудандық сот төрағасы Абуев Бабырхан Бекболатұлы  және аудандық алқа билер құрамы  Аманжол Дүрәлиев, Сағындық Тоқбергенов, Сейітқазы Медетбеков 9,10 сынып оқушыларын мерекемен құттықтай отырып, мерекенің мән-мағынасын түсіндірді. Даналық сөздердің мән- мағынасын айтып, терең мағыналы ойларымен бөлісті. Рақмет сiздерге
"Жайдарман"
25
февраль
2022
"Жайдарман"
"Жайдарман" ойынын дамыту, жастар арасында құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, олардың бос уақытын тиімді өткізуді үйлестіру мақсатында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары арасында "жайдарман"  мектепішілік ойыны өтті. Командалар ауылдың тыныс-тіршілігі мен мектептегі жағдайларды әзілдеріне арқау етіп, көрермендер мен әділ-қазылар алқасының көңілінен шықты. І-орынды  6"Ә" "Супер старс" тобы, ІІ- орынды 7"Ә" "Жас Ұлан" тобы, ІІІ-орынды  7"А" "Жас өнерпаздар" топтары иеленді.
"Оқуға құштар мектеп"
23
февраль
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Кітаптың құдіретін ұғындыра отырып, кітапты талғап оқуға, оған көз қарасын білдіре алуға, қысқаша фабула жазуға үйрету мақсатында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің базасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8-11 сыныптар арасында танымдық сабақ өтілді.
"Сүйіспеншілік жолындағы - өмір"
18
февраль
2022
"Сүйіспеншілік жолындағы - өмір"
Адамдардың іс-әрекеттері арқылы оқушылардың сүйіспеншілік жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсніктерін қалыптастыру. Оқушылардың бойында мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында  №2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Сүйіспеншілік жолындағы - өмір" тақырыбында өткізілген он күндік аясында мектеп педагог-психологі Сариева Бахыт Кәдірбекқызы 7 сынып оқушыларымен "Сүйіспеншілік өмір негізі" тақырыбында рухани әңгіме жүргізді. Оқушылар сүйіспеншілік туралы өз ойларына терең шолу жасап, әңгіме өрбітті.
Асханадағы тамақ сапасы туралы
18
февраль
2022
Асханадағы тамақ сапасы туралы
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің асханадағы тамақ сапасын тексеру комиссиясының хаттамасы.
Спорттық үйірмелер
17
февраль
2022
Спорттық үйірмелер
№14 Балалар және спорт мектебі Б.Момышұлы ауылы Жібек жолы №19. Спорттық үйірмелер:  1. Волейбол – Дүйсенбекұлы Нұрлан (Шақпақ ауылы тел: +7707 709 1993). 2. Дзюдо – Тоқбаев Руслан (Қайрат ауылы тел: 8 702 675 9555). 3. Еркін күрес – Қыдырбаев Руслан (Шыңбұлақ ауылы тел: 8 707 431 1977). 4. Таеквондо – Маделим Алмас (Б.Момышұлы ауылы тел: 8 701 116 6400). 5. Гір спорты – Сыздықбаев Ерғали (Б.Момышұлы ауылы тел:8 777 086 7999). 6. Кикбоксинг – Алмаханов Жамбыл (Б.Момышұлы ауылы тел: 8 702 411
"Аталар өсиеті"
15
февраль
2022
"Аталар өсиеті"
2022 жылдың 15 ақпаны күні  №2 Мыңбұлақ орта мектебінің базасында 5 сынып оқушылары арасында "Аталар өсиеті" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қайрат ауылының тұрғыны, Жуалы ауданының құрметті азаматы Құрмашов Кәрібай атамыз қонақта болды. Көп жасаған қария, Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты.  Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты - деп өлең жолдарында айтылғандай, өскелең ұрпаққа өсиетін айтып, батасын берді.
"Ата-ананың мектептегі"
15
февраль
2022
"Ата-ананың мектептегі"
Ата-аналарды тәрбие процесіне қатысуға белсендіру отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті дамыту мақсатында №2 Мыңбұлақ  орта мектебінде "Мыңбұлақ" ата-аналар университетінің  жоспарына сәйкес "Ата-ананың мектептегі" бір күн жобасы аясында 7 "А"  сыныбында "Салауатты өмір -нұрлы болашақ" тақырыбында сынып сағаты өтілді.