08
декабрь
2023
Robotek Grand Tournament
Жуалы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №2 Мыңбұлақ орта мектебінде робототехникадан «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионаттың аудандық кезеңі өткізілді. Чемпионат "Роботек" (9-12 жас), "Инверстік сызық бойымен жарыс" (9-12 жас), "Жеткізуші робот" (10-13 жас), "Мерген-кіші санат" (10-13 жас), "Мерген-жоғары санат" (14-17 жас), "Туды жеткізу" (14-17 жас), "Сұрыптаушы робот" (14-17 жас) 7 санат бойынша командалар жарысты. Чемпионаттың мақсаты: Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Чемпионат нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, озып шыққан командалар облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!






