Мектеп тарихы
№2 Мыңбұлақ орта мектебі 1927 жылы сол уақыттағы Бурный ауылында орыс-қазақ мектебі болып ашылды. Бұл кезде яғни 1927 - 1930 жылдары Керімбек Нұрпейсов мектепті ұйымдастыруда оқу – тәрбие жұмысын жолға қоюда көп еңбек сіңірді.
Ал 1930 жылы өз алдына отау тігіп, Ақбасты Алатаудың баурайындағы ауылға көшіп, мектепке тоғыз жастан жоғары ұл - қыздар тартылды.
1933 жылдың күзіне дейін бір бөлмеде отырып оқыды, мұғалім біреу ғана болды. 1934 жылдың күзіне қарай оқу жасына жеткен балалар мектепке тартылды. Сол жылы ауылға Орақ Асырымбетов келді. Ол әрі мектептің меңгерушісі болып оқушыларды класс-класқа бөлді. Ақсай және Игілік ауылының ұл – қыздардары қамтылды.
1935 жылы мектепке Исақұл Жексенбаев меңгеруші болып келді, ал мұғалім болып Жұрынбай Алпысбаев істеді.
Алыс жақтағы ауылдардан балалар келе бастады, мектеп жанынан асхана, жатақхана үйлері тұрғызылды..
1936жылы мектеп Мирзоян атындағы орта мектеп деген атқа ие болды.
Мектеп жанынан ән, драма үйірмелері ашылды.
1937 жылы мектеп басқа елді мекендерге өте алыс болғандықтан аудан орталығы «Бурный» станциясында жаңа салынған мектеп үйіне (қазіргі Ордженикидзе мектебіне іргелес) көшіп келеді.
1938 жылдан орта мектеп болып аталады. Исақұл Жексенбаев басқарады.
1939 жылы мектеп директоры Момынқұл Пралиев тағайындалды.
1944 - 1962 жылдар аралығында мектепте директор болып сегіз адам еңбек етті.
1966-1969 жылдар аралығында Қуандық Сейділдаев, 1969-1984 жылдар аралығында Манап Алимбеков, 1984-2005 ж.аралығында Аралбай Борашев,
1995 ж. 17.07. № 88 қаулысымен Мыңбұлақ орта мектебі болып аталды.
2005-2009ж.аралығында Марат Сарманов, 2009-2012 ж. Нуридин Нургабылов
басқарды.
2012 жылдың тамыз айынан бастап Эльмира Абишева мектеп директоры болып тағайындалды.