№2 Мыңбұлақ орта мектебінде « Қыз Жібек » клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Қыздарды тектілікке тәрбиелеу» тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында пікір алмасу өткізілді.
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде « Қыз Жібек » клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Қыздарды тектілікке тәрбиелеу» тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында пікір алмасу өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің ,ұлттың тыныс-тіршілігі барысында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол,білімді, жан-жанқты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муратаева Роза Махаббатқызының қатысуымен - «Қыздарды тектілікке тәрбиелеу» атты тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында пікір алмасу өткізілді. Пікір алмасу барысында қыздарға , қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері түсіндірілді. Салт-дәстүрімізге жат қылықтардан алдын-алу керек екендігі айтылды. Қыздар өз ойларын ортаға салып, ой бөлісті. Ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу қажет екендігі айтылып, қыздарымызға дұрыстап тәлім-тәрбие беріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалуымыз қажет екендігі айтылды. Жалпы қыз баланың тәрбиесі үшін әрбіріміз жауаптымыз. Сондықтан өмірдің ағысында тосқауылға тап болмас үшін, олардың бойына саналы тәрбие сіңіруіміз керек. Бұл тұста қыздармен жиі кездесіп, семинар –тренинг сабақтар өткізіліп тұрады.