02
декабрь
2021
"АСЫҚ ЖИНАУҒА АСЫҒАЙЫҚ!"
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 2-3 желтоқсан күндері 8-10 сынып оқушылары арасында "Асық жинауға асығайық!" жобасы өтті. Жобаның мақсаты оқушыларды қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойнауға деген қызығушылықты арттыру болатын. Асық ойынының тәрбиелік мәні зор. Бұл жоба- асық ойынының мергендікке, шапшаңдылыққа, ептілікке, қырағылыққа жетелейтінін дәлелдеу мақсатында атқарылған жұмыс.
