02
февраль
2019
Іс-шара: "Жастар - ел болашағы"
31 қаңтар 2019 жылы №2 Мыңбұлақ орта мектебінде жастардың ұйымдастыруымен "2019-жастар жылына" орай "Жастар - ел болашағы" атты әдеби-сазды кещдесу кеші өтті.
Кездесу кешіне ауданның беделді жастары: "Жаңа өмір" газетінің аға тілшісі, республикалық "Тәуелсіздік тұғыры" атты республикалық жас қаламгерлер фестивалінің лауреаты, жас ақын Дербісәлиев Нұржан Манасұлы, "Жастар ресурстық орталығының" қызметкері, Жуалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ережеп Жансая Есілханқызы, "Жастар ресурстық орталығының"бөлім меңгерушісі Нурабаев Ерболат қонақта болды.
Кездесу кешін мектеп жастарынан құралған "Мұрагер" ұлт-аспаптар оркестрі ашып, мектеп директоры Н.О.Кожагелдиннің құттықтау сөзімен жалғасты.
Кеш барысында мектеп жастары бар өнерлерін паш етіп, қонақтардың жүрегіне жол таба білді. Әннен шашу шашылып, күй мен биден тарту тартылды. Көрініс қойып, робот құрастырып, атқа міну мәдениеті мен шаңғы спортын да назардан тыс қалдырмады.
Кеш соңына қарай, мектеп жастары кеш қонақтарына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды. Қонақкәдеге де уақыт тауып, кездесу кеші естелік үшін суретке түсумен аяқталды.