25
февраль
2022
"Жайдарман"
"Жайдарман" ойынын дамыту, жастар арасында құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, олардың бос уақытын тиімді өткізуді үйлестіру мақсатында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары арасында "жайдарман" мектепішілік ойыны өтті. Командалар ауылдың тыныс-тіршілігі мен мектептегі жағдайларды әзілдеріне арқау етіп, көрермендер мен әділ-қазылар алқасының көңілінен шықты. І-орынды 6"Ә" "Супер старс" тобы, ІІ- орынды 7"Ә" "Жас Ұлан" тобы, ІІІ-орынды 7"А" "Жас өнерпаздар" топтары иеленді. Сонымен қатар үздік ойыншылар да анықталып, дәрежелі дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.



