29
ноябрь
2021
Ел тілегін ойлаған Елбасы
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде 29 қараша күні "Шаттық" шаңырақ тобының ұйымдастыруымен "Ел тілегін ойлаған Елбасы" атты мерекелік іс-шара өтті. Жас ұрпақ Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін ұғынып, президенттік қызметтің бабалар аманатын арқалаған ең жауапты міндет екенін сезінді. Оқушылар тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс- шарада Елбасына, отанына, туған еліне ыстық сезімдерін өлең жолдары арқылы жеткізді.



