Бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді » №2 Мыңбұлақ орта мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№2 Мыңбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7(726) 352-33-73
+7(707) 624-55-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді
15
апрель
2020

Бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді

                  Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Әрине бұл індет елімізді де сырт айналып өтпеді. Еліміздегі қалалардың карантинге жабылуы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де күтпеген жаңалық болғаны шындық. Информатика пәні мұғалімі ретінде де көкейде түрлі сауал тұрды. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау өте маңызды екенін ұстаздар қауымы түсіндік. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов ұстаздарға сенім артып, тез арада қашықтықтан оқытудың жоспарын ұйымдастырып, мұғалімдерге қолдау көрсете білді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді. Мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен оқушыларды жаңаша оқытуды бастап та кетті. Қазіргі уақытта ұстаздар қауымы сабақтарына қажетті материал қарастырып көп ізденуде. Бүгінгі күні мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда. Бұған дейін де күнделікті сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені айдан анық. Қазір қашықтықтан оқытуға арналған бағдарламалар өте көп. Соның ішінде Bilim land, Daryn online, kundelik.kz платформалары арқылы ұстаздар сабақты сапалы түрде ұйымдастырып, нәтижелі жұмыстар көрсетуде. Бұл ұсынылған қосымшалар ең тиімді және қолжетімді деп санаймын. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен мұғалімнің әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!

Муратаева Роза Махаббатқызы
Жамбыл облысы Жуалы ауданы 
№2 Мыңбұлақ орта мектебі
Информатика пәні мұғалім 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив