05
октябрь
2019
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік" тақырыбында ұстаздар мерекесіне орай осы мектепте талай жыл еңбек еткен зейнеткер, ұстаз ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Тағлымды ұстаздар мен шәкірттер, ізгі пейілді достар мен замандас-әріптестер бас қосып, кейінгі ұрпаққа, ұжымға тілектерін білдірді. Қадірлі ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Бұл іс-шараның өтуі – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін үйрену сондай-ақ, кейінгі ұрпаққа үлгі етуге бағытталған болатын...



