"Қауіпсіз интернет" республикалық ақпараттық кампаниясы жоспары
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Н.О.Кожагелдин
______________
«_4_» сәуір 2019 жыл
«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі №2 Мыңбұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу кезеңінде атқарылатын жұмыстарының жоспары
4 сәуір – 15 сәуір аралығы
№ | Атқарылатын жұмыстардың мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1. | Мектепте «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын ұйымдастырып, өткізілетіні туралы бұйрықтың жазылуы | 04.04.2019 | Н.О.Кожагелдин |
2. | «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының ашылуы туралы 5-11 сыныптарға саптүзу өткізу | 04.04.2019 | Сабиев Б.Т. |
3. | «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпараттық бұрыш ұйымдастыру | 8.04.2019 | Сабиев Б.Т. |
4. | Мектеп сайтына қауіпсіздік әліппесі туралы ақпараттар орналастыру | 8.04.2019 | Сабиев Б.Т., Онгалбаева И. |
5. | Әртүрлі топтарға арналған «Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?» тақырыбында ақпараттық парақшалар басып шығару және тарату | 9.04.2019 | Мектеп мұғалімдері |
4. | «Интернет орнына кітап» біркүндік акциясын өткізу | 10.04.2019 | Муратаева Р.М. |
5. | Оқушыны оның денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу | 10.04.2019 | Сынып жетекшілері |
6. | «Қауіпсіздік теңшелімі, ұялы құрылғыларды қолдану» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында ақапарат беру | 11.04.2019 | Муратаева Р.М. |
7. | «Қауіпсіз интернет» тақырыбында фото, сурет көрмелерін ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару | 11.04.2019 | Туртаева Д., Сынып жетекшілері |
8. | «Шынайы өмір – виртуальды әлемнен жақсы» 5-11 сынып оқушылары арасында флеш-моб ұйымдастыру | 12.04.2019 | Муратаева Р.М. |
9. | Оқушылар арасында компьютер мен смартфонды қолдану уақыты туралы сауалнама жүргізу | 12.04.2019 | Тұрсын Н. |
10. | «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық науқанының жабылуын өткізу, қорытынды ақпарат әзірлеу | 15.04.2019 | Сабиев Б.Т. |