07
февраль
2019
Жуалы жастары салауатты өмірді қолдайды!
2019 жылдың 26 қаңтар күні Шақпақ ауылдық округіне қарасты "Қаралма" тау -шаңғысы демалыс кешенінде "Жуалы жастары салауатты өмірді қолдайды!" атты жастар арасында қысқы спорт түрлерінен фестиваль өткізілді. Бұл жарыста шаңғы тебуден Мыңбұлақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары ЖоMarchбек Береке 1 орынды, Асқар Самат 2 орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды.
Әрине бұл жетістік - дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.Бексұлтанов , Ғ.Даутовтың еңбектері. Сабақтан тыс уақытта үнемі оқушылармен жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Жарайсыздар! Біз бұл жеңісті жастар жылына тарту деп білеміз және салауатты өмір салтын қолдаймыз.
