26
февраль
2019
Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру
Мыңбұлақ орта мектебінде 14 ақпанда 5-9 сынып оқушыларының арасында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру " мақаласы негізінде "Туған өлкемнің флорасы мен фаунасы" атты ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Мақсаты оқушыларды туған өлкенің флорасы және фаунасын зерттеуге тарту, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

"Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында" дегендей талай жыл өз мамандығының игілігін көріп, туған жеріне қызмет еткен ардагер ұстаз, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, "Best өлкетанушы" төс белгісінің иегері Байдалиев Дәулетжан Жамалбекұлы ғылыми жобалар туралы оқушылармен ой бөлісті. Ғылыми жобалардың тақырыптарының өзектілігі, мақсаты, күтілетін нәтижелеріне сараптама жасап, ғылыми жұмыстарға баға берілді. Оқушылар өте құнды ақпараттар алып, зерттеушілікке қолдау тауып, ынталанды.