Эрудит - 2019 » №2 Мыңбұлақ орта мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№2 Мыңбұлақ орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
+7(726) 352-33-73
+7(707) 624-55-57
Version for
visually impaired
12
февраль
2019

Эрудит - 2019

Сайыстың мақсаты: 

1) Көшбасшы оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, ұлттық бірегейлікті сақтауға, белсенділігін арттыру, білім – білік дағдыларын бағалау, шығармашылық ізденістерін байқау, ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары оқушылардың дарынын ашу. 

2) Оқушылардың жарысуға ынтасын, қызығушылығын, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту, көзқарастарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе отырып,  дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойын салмақпен пайымдау.

3)  Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, кез – келген уақытта оңтайлы шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, музыкалық әуен.

         Сайыстың түрі: Интеллектуалдық - зияткерлік жарыс.

         Әдісі: Тест, суретке жауап, бейнетаспаға түсірілген қызықты сұрақтар,   ән – жұмбақ,   полиглот әдісі, фильмдер топтамасы.

         

  1. Жүргізуші: Сәлем бердік құрметті қонақтарым,

Сайысымызға келген даналарым

Жуалының өнерлі жастары мол

Қабыл алғын дарынды ұрпақтарын!


  1. Жүргізуші: Білімі менен тәнті етеді тектілер,

                     Мұратыңа білім қолды жеткізер.

                      Бар ізгілік тек білімнен алынар,

                      Білім менен аспанға жол салынар


  1. Жүргізуші: Білімдінің мәртебесі шарықтасын

Аспанымда жұлдызы қалықтасын,

Жуалының  жастары бақытты боп

Білім алсын, ешқашан жалықпасын.


2 – Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды-Жастар жылы деп жариялап ,жастарға көптеген мүмкіндіктер беріп қолдау көрсетіп отыр.  Білімнің салтанат құру бағытында, білімді, көзі ашы, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Бүгінгі таңда кәсібін не ғұрлым қиналMay жеңіл өзгертуге қабілетті аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді деп көрсетілген. Көшбасшы оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту,      білім – білік дағдыларын бағалау, шығармашылық ізденістерін байқау, ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, дарынын ашу мақсатында «Балауса» ғылыми қоғамының  ұйымдастыруымен «Көшбасшы Эрудит - 2019» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға

                     Жеңіске жеткен елдің талай сында

                     Қара қылды қақ жарып әділ қазым

                     Еңбегін тапқырлардың әділ сына, - дегендей, кез – келген

сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын әділ – қазылар алқасымен таныстырып кетсек. 

1._Мектеп директоры: Нарбек Ордабекұлы Кожагелдин          

 2.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:  Тоғайбаев Асылбек Тұрсынбекұлы

3.Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары: Муратаева Роза Махаббатовна

4.Тарих пәні мұғалімі: Нарымбек Аманғали Мұхтарұлы

5.Қазақ тілі пәні мұғалімі: Назарбаева Сандуғаш Лесқызы

6.Ағылшын пәні мұғалімі: Абеева Гулшат 

7.Орыс тілі пәні мұғалімі Керімбаева Ләззат Махановна


2 - Жүргізуші: Оқушылар бар өнерін салары анық,

                          Өнегелі тәлімді алған қанып.

                          Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

                         Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


        «Көшбасшы Эрудит - 2019» зияткерлік сайысымыз ІV – бөлім,              8 кезеңнен тұрады:

І – Бөлім: «Бәрін білгім келеді» 

    1) «Ой толғау»

    2) «Ғимараттар сыр шертеді». Қазақстан

ІІ – Бөлім: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» 

    1) «Полиглот» сайысы. (Әр оқушыға – 2 минут)

    2) «Қызық екен». Әр пән бойынша сұрақтар   

ІІІ – Бөлім: «Ұлттық бірегейлікті сақтау» 

    1) «Менің балалық шағыма  саяхат». Қызықты фильмдер  топтамасы                   (1 минут) 

    2) «Әуенді тап. Патриоттық әндер».  ( 1 минут)

ІV – Бөлім: «Жүйрік болсаң озып көр!»

1) «Жуалы –Туристер мекені» Эссе (5 минут уақыт) 

   2) «Тапқыр болсаң талас жоқ». «Логикалық сұрақтар». 



   І – Бөлім: «Бәрін білгім келеді.»


1 - Жүргізуші: Мықты болсаң алдағыны басып оз

                           Мықты болсаң артағыға жеткізбе.

                           Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,

                           Мықты болсаң бөгедтерді бұзып өт - дей келе  «Ой толғау»І бөліміміздің  кезеңіне көшсек 

1.Мамандық таңдай аласың ба 

2.Бүгінгі күннің патриоты қандай болу керек

3.Мұғалім болғың келе ме .....

4.Отбасы құндылығы деген не

5.Адалдық –ар ожданың дегенді қалай түсінесің

6.Мектепте алған біліміңді өмірде қалай қолдана алатын едің          


2 - Жүргізуші:  2 -  кезеңіміз  - «Ғимараттар сыр шертеді». Қазақстанда орналасқан түрлі  ғимараттардың суреті таратылады. Әр оқушы ғимараттардың атауы,  орналасқан жерін және қысқаша мазмұндама жазып кетуі керек. Әрбір дұрыс жауап: Ғимараттың атауын тапса – 5 ұпай;

           Орналасқан жерін тапса - 10;

   Мәліметтерді толық айтса - 15 ұпаймен бағаланады.

1 - Жүргізуші: Құрметті әділ – қазылар үміткерлеріміздің бірінші бөлімнің қорытындысын  шығарсаңыздар. 

Ән : «». Орындайтын:

 Құрметті әділ – қазылар сөз кезегі өздеріңізде:


    ІІ – Бөлім: «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте!»


2 - Жүргізуші

                   Енді, ІІ – бөлімнің 1 – ші кезеңін бастасақ, Білімділік пен ізгілікте бойымызға дарындылық берейік деп, келесі айналым «Полиглот» сайысы деп аталады. 

........ 

1 - Жүргізуші: 2 – кезең бойынша слайдта атауы жазылған түрлі ұяшықтар көрсетіледі, сол ұяшықтарда әр сала бойынша сұрақтар қойылады.  Жауабын тапқан оқушы -10 ұпаймен бағаланады

Ән :. Орындайтын: 

                     Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға бере қазылар ортамызда,

Әділдігін ту еткен қазыларға ІІ бөлімді қорытындылау үшін өз шешімдеріңізді айтсаңыздар, сөз кезегі өздеріңізде.  

 «Жартылай финал»  


1 - Жүргізуші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Енді,  үшінші бөлімімізге кезек берейік.

 ІІІ – Бөлім:  «Ұлттық бірегейлікті сақтау!»

2 - Жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,

                           Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

                           Бар ізгілік тек білімнен алынар,

                           Білім менен аспанға жол ашылар!  - дегендей келесі ІІІ- бөлімнің І- кезеңін бастасақ. «Менің балалық шағыма саяхат» деп аталады. Әр оққушыға 1 фильмнен беріледі. Ол фильмнің атауын тапса – 5 ұпай,  


  1 - Жүргізуші: ІІ –кезең бойынша, слайдта үш түрлі (5, 10, 15) категорияда ұяшықтар көрсетіледі, сол ұяшықтарда патриоттық әуен ойнатылады. Әрбір категория – 5,10,15 ұпаймен  бағаланады. 


2 - Жүргізуші: Құрметті әділ – қазылар үміткерлеріміздің үшінші кезеңнің қорытындысын шығарайық.: 



  ІV – Бөлім: «Жүйрік болсаң озып көр»

1 – Жүргізуші:     Ұлттық салт – дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиістілігін ескере отырып, келесі бөлімізге көшейік.

Төскейінде сайрандап сері құйын, 

Асқақтайды Алатау өрі дүйім. 

Дидарыңа тамсанған Асанқайғы, 

Іздеп жүріп тынымсыз жерұйығын.

Беу, беу, Жуалы! 

Батырлардың мекені, 

Ақындардың мекені. 

Сағынтасың аңсатып, 

Ұзап шықсам екі елі.

 – деп,  І - кезеңімізді бастасақ.  « Жуалы –туристер мекені» тақырыбында эссе жазылады. 5 минут уақыт беріледі.


Ән 

      2-жүргізуші:  ІІ – кезеңіміз – «Тапқыр болсаң талас жоқ» ұяшық арқылы берілетін  логикалық сұрақтар (10 ұпаймен бағаланылады) Оқушы толық немесе жауап бере алмаса, келесі оқушыға мүмкіндік беріледі.

1 - Жүргізуші: Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере беру керектігін айта кете, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын сәт те келіп жетті.

2 - Жүргізуші: Құрметті әділ – қазы алқалары зияткерлік сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін қорытынды ұпай сандарын шығарсаңыздар.

Ән: Орындайтын: 

Құрметті әділ – қазылар өз шешімдеріңізді айтсаңыздар:

     1 - Жүргізуші: Бүгінгі зияткерлік сайысымыздың өту барысы мен қорытынды сөз кезегін №2 Мыңбұлақ орта мектебінің директоры Кожагелдин Нарбек Ордабекұлына  сөз кезегін береміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив