1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы, қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!

Мектебімізде "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын болып өтті! Мектеп директоры Кожагелдин Нарбек Ордабекұлы өткен жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға келген қонақтар да оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

