01
September
2021
1 қыркүйек - Білім күні
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Білім беру мекемелерінің ұстаздары бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Биылғы жылдың негізгі ерекшеліктерінің бірі оқушыларымызға "Әліппе" оқулығын табыстауымызда. Осы игі бастама өз жемісін беретініне кәміл сенеміз.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

