№2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектеп инспекторының есебі » №2 Мыңбұлақ орта мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№2 Мыңбұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7(726) 352-33-73
+7(707) 624-55-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектеп инспекторының есебі
15
март
2019

№2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектеп инспекторының есебі

№2 Мыңбұлақ орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектеп инспекторының есебі

№2 хаттамасы

15.03.2019ж

Төрайымы: М.Шажалиева

Хатшы: Д.Жумабекова

Қатысқандар:Қамқоршылық кеңесінің мүшелері-7

Қатыспағаны: Себепті -2


Күн тәртібінде:

Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есебі

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп инспекторы,аға лейтенанты С.Дуйсебеков сөз алды:

        Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын-алу мақсатында,түңгі рейдтер жүргізу барысында түнгі сағат 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін 139 жасөспірім ұсталып,олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК 442 бабы 2 бөлігімен әкімшілік хаттамасы толтырылып әрқайсысына ескерту жасалды.Төрт жасөспірім мысалы «Мыңбұлақ» ОМ-нің 9-сынып оқушысы Р.Таңатаров пен №29-шы ОМ-нің 11-сынып оқушысы Р.Қанатбек бір жыл ішінде екі рет әкімшілік құқық бұзған,яғни түнгі 23.00-ден кейін «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны» үшін ҚР.ӘҚБтК-нің 442 бабының 3-ші бөлігімен (2017ж-2) хаттама толтырылып сот шешімімен жасөспірімнің заңды өкілдеріне 7(АЕК) яғни 16835 теңге көлемінде айыппұл салынып,сонымен қатар осы жасөспірімдер АIIБ-нің профилактикалық есебіне алынды.

     ҚР.ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша қоғамдық орында «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» үшін екі ата-анаға хаттама толтырылып жиналған іс-құжаттар аудандық сотқа жолданып,соттың шешімімен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің әрқайсысына 15883 теңгеден айыппұл салынды.

    2018 жылы ата-аналар,қамқоршылар және педагогтардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізілген алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында яғни, «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамағы» үшін бес ата-анаға қатысты жиналған іс-құжаттар аудан әкімиятының жанындағы комиссия отырысына қарау үшін жолданып,үш ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды.

    Қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдерді анықтау мақсатында білім беру бөлімінің қорғаншылық және аудан әкімиятының жанындағы комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ата-анасының қадағалауынсыз қалған бес жасөспірім анықталып,Тараз қалалық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылды.Панасыз қалған жасөспірімдер анықталған жоқ.


                                              Шешім:

1.Мектеп инспекторы,аға  лейтенанты С.Дуйсебековтің есебі қанағаттандырарлық деп танылсын.

2.Мектеп инспекторы 8-9-10-11 сынып оқитын ер балалармен жиі кездесу өткізу.

3.Мектеп инспекторы ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында жиі жиналыстар өткізу



Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                       М.Шажалиева

                                            Хатшысы:                       Д.Жумабекова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив