02
февраль
2024
Мейірімділік – асыл қасиет
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай 1 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында дәстүрлі жалпы республикалық акция өтуде. Осыған орай, №2 Мыңбұлақ орта мектебінде «Біз – бақытты баламыз!» ұранымен акция жалғасын тапты. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға қолдау көрсету. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Жүрек қалауымен қол ұшын созып, жан жылуымен бөліскен жандарға алғыс білдіреміз.






