16
December
2018
"Тағайындау"
№2 Мыңбұлақ ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне Қуанышбеков Марат Мақұлбекұлы тағайындалды.
М.М.Қуанышбеков 1975 жылы 6 маусымда Самсоновка (қазіргі Күреңбел) ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Күреңбел орта мектебін аяқтап, сол жылы Қаратау қаласына Политехникалық институтқа оқуға түсіп, "Инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдаса, Тараз Мемлекеттік университетінің "Тарих және экономикалық құқық" факультетін аяқтайды. 1998 жылы Күреңбел орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, аталмыш мектепте 8 жыл мұғалімдік қызмет атқарған. 2006 жылы отбасы жағдайына байланысты Б.Момышұлы ауылына көшіп келіп, еңбек жолын "Кәсіптік мектепте" директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жалғастырады. 2011 жылы қызметін №2 Мыңбұлақ орта мектебіне ауыстырып, сол уақыттан бері мұғалім қызметін атқарып келеді.
Аудан мен облыстың қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан Марат Мақұлбекұлының ерең еңбегі ескеріліп, 2018 жылдың желтоқсан айында №2 Мыңбұлақ орта мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.