02
November
2018
Бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы
2018 жылдың қараша айының 2-ші жұлдызында №2 Мыңбұлақ орта мектебінде "Мыңбұлақ" бастауыш кәсіподақ ұйымының 5 жылдық есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Оған аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Қ.Қадырбек, мектеп директоры Н.О.Кожагелдин және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Альжанов қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі 4 мәселе қаралды.
БКҰ төрағасы Б.Альжанов 5 жылдық жұмыс нәтижесімен, ұйымға жүктелген бірқатар міндеттердің атқарылуымен және жеткен жетістіктерімен бөлісті. Залда отырған мұғалімдер, зертханашылар мен техқызметкерлер көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, мардымды жауап алды.
Кезекті мәселе: бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау. Көпшіліктің дауысы мен ұсынысын ескеріп, төрағалыққа тарих пәнінің мұғалімі Қадыров Ғали Сатбайұлы сайланды. Ал, БКҰ жұмысының бақылау-тексеру комиссиясы құрамына Инабат Онгалбаева, Салтанат Төреханова және Айткуль Киртаева ұсынылып, сайланды.
"Мыңбұлақ" бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысы "қанағаттанарлық" деп саналып, оң баға берілді.