Қауіпсіз интернет
2022 жылы 01-08 сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқаны туралы қорытынды ақпарат
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде 2022 жылдың 01-08 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі бастамасымен «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық компаниясы жүргізілді.
Компанияның басты мақсаты– кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Компанияның тұжырымдамасына сай мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар келесі іс-шаралар топтамасын қамтыды:
«Бекітемін»
Мектеп директоры
«__»______2022ж
Н.Кожагелдин
№2 Мыңбұлақ орта мектебінде 2022 жылы 01-08 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқанын өткізу жоспары
Науқанның басты мақсаты– кәмелетке толмағандардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының мәселесіне хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету, интернет-ресурстарды пайдаланудың мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандарға қатысты Интернет белсенділігін бақылаудағы Интернет қызметін ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Р/с | Іс шара тақырыбы | Мерзімі | Жауапты адам |
1 | 2022 жылғы 01-08 сәуір аралығындағы «Қауіпсіз интернет» облыстық ақпараттық кампаниясының іс шара жоспарын жасақтау және бекітуге ұсыну | 01.04.2022ж | МДАЖЖО Б.Сабиев |
2 | «Интернет дегеніміз не?», , «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», және тағы да басқа тақырыптарында жалпы мектептік саптүзеулер мен сынып сағаттарын, дөңгелеек үстелдер ұйымдастырып, өткізу. | 01.04.2022ж 04.04.2022ж 07.04.2022ж | Тәрбие ісі орынбасары А.Шырынәлі, желілік әкімші Б.Назарбек және сынып жетекшілер |
3 | «Қауіпсіз интернет»,, «Интернет менің өмірімде» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар бойынша қабырға газеттері, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастыру | 05.04.2022ж | Мектеп психологы Н.Умиралиева |
4 | «Интернет : ия және жоқ», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» тақырыбында 5-8, 9-11 сыныптар аралығында дебаттық сайыс ұйымдастыру | 06.04.2022ж 07.04.2022ж | Информатика пәні мұғалімдері Б.Сабиев, Г.Айтқұлова |
5 | «Желідегі қарым қатынас этикасы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында ашық тәрбиелік шара өткізу | 4-8.04.2022ж | Сынып жетекшілері |
6 | «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» атты оқушыларды кітап оқуға, керекті мағлұматты кітап, журналдардан да табуға болатындығын дәріптеу мақсатында көрме өткізу | 06.04.2022ж | Кітапханашы Г.Тлеубаева |
7 | «Интернеттің алдын алу оқушылар тәуелділігі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдері, мектеп психологы және ата аналармен бірлескен түрде кездесу кешін өткізу | 07.04.2022ж | Информатика пәні мұғалімдері, мектеп психологі |
8 | Үй жағдайында интернет ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша ата аналар жиналыстарын ұйымдастырып, өткізу | 08.04.2022ж | МДАЖЖО Б.Сабиев |
1 сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық команиясының ашылуына орай мектепшілік жиын өткізіліп, оқушылар іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Компания 2022 жылы 01-08 сәуір аралығында өткізілуі жоспарланған.
«Қауіпсіз интернет» компаниясы аясында мектеп фойесінде стенд әзірленді, ол жерде ата-аналар мен оқушыларға арналған интернет желісін пайдалану ережелері бойынша жадынамалар, Облыстық «Қауіпсіз интернет» команиясы барысында жоспарланған іс-шаралар, және т.б. материалдар қамтылған.
4 Сәуір айының күні «Қауіпсіз интернет» облыстық науқаны барысында бастауыш сыныптар арасында «Қауіпсіз Интернет» «Интернет дегеніміз не?», ал 5-9 сыныптар арасында «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты: оқушыларға интернет туралы ақпарат беру арқылы интернет желісіндегі қауіптермен таныстыру және ол қауіптерден қалай сақтану керектігі жөнінде көмек көрсету. Оқушыларды интернет желісінде дұрыс, оң ақпараттты таңдауды үйрету, бейтаныс адамдармен хат алмасу кезінде қауіпті тани білу, сонымен қатар әлеуметтік желіде өзі туралы қандай ақпаратты енгізуге болатындығын анықтауды үйрету.
5-9 сыныптардың сынып сағаттарының мақсаты: Интернетті пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстыру. Интернет желісі туралы түсініктерін кеңейту. Коммуникативті сауттылықтың негіздерін, өздерінің мінез-құлықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың Интернет желісіндегі қауіпсіз интернет туралы қағидалары деген түсініктерін қалыптастыру. Интернет ресурстарына жүгінгенде оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Информациятық ресурстарға аса зор ниетпен қарауға тәрбиелеу.
5 сәуір күні мектеп қабырғасында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы «Интернеттің алдын алу оқушылардың тәуелділігі» тақырыбында болып өтті. Жиналыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР денсаулық туралы кодексі.
- Қауіпсіз интернет
- «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет» /Н.Умиралиева./
Жиналыс соңында ата аналарға «Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы жадынама!» таратылды.
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі туралы жадынама!
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTube каналына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Instagram», “Tic-toc” әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
8 сәуір күні «Үй жағдайында интернет ресурстарын пайдалану мәселелері» бойынша ата аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Әңгіме оқушылардың мектепте және домжағдайында интернеттегі қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңінен тоқталып өтті. Балалары қандай сайттарға кіріп, қанша уақыт мөлшерінде отыратыны және де интернетке кіру рұқсаттарын шектеу үшін қандай шара қолданғаны туралы талқыланды. Родителям оқушылардың қадағалаусыз әр түрлі сайттарға кіруі қандай зардапқа ұшырататыны туралы айтылды.
Сондай-ақ, оқушылардың үлгерімін көрсететін, смартфон ұялы телефондары бар ата-аналар қолжетімді «Daryn.online» қосымшасы туралы хабардар болды. Қосымшаны орнату ережесімен танысты.
Осы шаралар нәтижесінде балалардың, ата-аналар мен мұғалімдердің интернет сауаттылығы өсті деген ойдамыз, тәрбие үрдісі қатысушыларының интернет қауіпсіздігінің параметрлері мен қағидаттары туралы хабардар болды, интернет желісіндегі сұхбаттасушыға қатысты жауапкершілік пен құрметтеу сезімі қалыптасты деп ойлаймыз. Бұл мәселенің қазіргі заманда өзекті мәселеге айналғаны баршамызға аян. Оқушылар интернет тәуелділіктің деген дерттің өз өмірлеріне сөзсіз әсер ететініне көздері жетіп, саналарына пайдалы ой түйді деген ойдамыз.


