Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейсекүл Исматова » №2 Мыңбұлақ орта мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№2 Мыңбұлақ орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
+7(726) 352-33-73
+7(707) 624-55-57
Версия для
слабовидящих
» » Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейсекүл Исматова
23
декабрь
2019

Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейсекүл Исматова




      Қасиетті Жуалы жерінен қалың елге белгілі тұлғалы азаматтардың түлеп ұшқаны белгілі. Жұлдызы биік Жуалы ауданын былайғы
жұртшылықтың «батырлар мен генералдардың» елі деп атайтыны бекер болмаса керек. Осы орайда филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Сейсекүл Исматова да жуалылық жұртшылықтың заңды мақтанышы болып саналады. Себебі, осында туылып, алғашқы еңбек жолын ауданға қарасты Қайрат ауылындағы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ұлағатты ұстаз Сейсекүл Молдабекқызы одан кейінгі жылдарда Жамбыл педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында оқытушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ әдебиеті» кафедрасында да аға оқытушы, сонымен бірге кафедра құрамында оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу және қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 2004 жылы ТарМПИ-дің доценті атағын алған. 2006 жылы қазан айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру туралы жөніндегі диссертациялық кеңесте қазақ әдебиеті мамандығы бойынша «Шу өңіріндегі ақындық дәстүрдің қалыптасуы және Сауытбек Ұсаұлының ақындық мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қазіргі таңда Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде жемісті еңбек етіп келеді. Ақындық, жазушылық бағытында тәлім берген танымал шәкірттері қаншама. Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнап, тіл білімінің дамуына еңбек сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаз Сейсекүл Исматованың білім беру саласындағы ерен еңбегі ескеріліп, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы, биылғы жылы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Жуалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Похожие публикации:

03 апрель 2019 ОҚУҒА ШАҚЫРУ!
18 март 2017 Жас мамандар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив